Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  89


Автор: Әбубәкір Қайран

Жорға

Төрт аяқты тең басар,
Бипаз-бипаз жер басар.
Төрт аяғы тең жорға.
Мұндай жорға – су жорға.
Ал кеудесі айқарма,
Баса түсер байпаңға,
Жеткізбейтін сайтанға,
Мұндай жорға – тайпалма.
Бұзып алып жорғасын,
Желіп кетер болмасын.
Желіп кетсе – ол да сын,
Шауып кетсе – ол да сын.
Алдыңғы аяқ жорғалап,
Артқы аяғы қорғалап,
Шала жорға болса атың
Бәрінен де сол мазақ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу