Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  104


Автор: Әбубәкір Қайран

Қыз қуу

Қыз қашады, сен қуып,
Астыңда ұшқыр атың бар.
Жету керек ер жігіт –
Қызда кеткен бәсің бар.
Қызға жетсең болғаны –
Ат үстінен өбесің.
Тізгінін де қолға алып,
Тартып кете бересің...
Қыз қуғанда, сен қашып,
Сорламашы, жігітім.
Жетіп алса ол басып,
Көрген күнің құрысын.
Қыз қамшының астына
Аямастан алады.
Мінген атқа астыңа
Көңілің де қалады...
Қыз қуатын жігітті
Мақтап қою керек-ау.
Қыз қуатын күлікті
Баптап қою керек-ау!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу