Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  141


Автор: Әбубәкір Қайран

Сәйгүлік

«Күйсіз күлік жүгірмес» –
Дейді аталар неліктен?
Күлік – жылқы сүрінбес
Тау мен тастан, еңістен.
Нағыз күлік – сай күлік,
Сөздің бұл бір көнесі.
Дейміз қазір сәйгүлік,
Бұл – жылқының төресі.
Күйсіз күлік сорлайды,
Бабын тауып бақпаса.
Жұлдыздай боп самғайды,
Нағыз жігіт баптаса.
Бұдан асқан ғажап жоқ –
Армандамас қай жігіт!?
Азамат боп, қазақ боп,
Астыңа мін сәйгүлік!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу