Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  116


Автор: Әбубәкір Қайран

Атбегі

Ат баптаушы – атбегі,
Құс баптаушы – құсбегі.
Жырдай болар бәстері,
Нұрдай болар істері.
Атбегі деп аталған
Үлкен өнер иесі.
Қолдайды оны қашаннан,
Қамбар – Ата киесі.
Атаң қазақ баласы
Ат дегенде тақ тұрар.
Дастандарға қарашы –
Батырдан соң ат тұрар.
«Топ бастаймын, ту алам, –
Деші, балам, – өскесін!»
Жаттап алсаң қуанам,
«Атбегінің әліппесін».




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу