Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  116


Автор: Әбубәкір Қайран

Қуанасың сен неңе???

«Тәуелсіздік құтты болсын! Міне бес» –
Деп мені бір қүттықтады сарамес.
Біз тәуелсіз құл боп келдік, шынында,
Күніміз де түн еді ғой, күн емес.
Қуанасың, құл-құтан-ау, сен неңе?
Шаттық орнай калыпты қой кеудеңе.
Ұл боп туып қатынынан қазақтың,
Құл болуға тиісті едің сен неге?
Сен тәуелсіз болдым деме, қарағым,
Қу едің ғой құлдан жаман араның.
Иесі емес сен тәуелсіз сананың,
Соны айтып тұр жылтыраған жанарың.
Мезгіл үйдің ашса-дағы түндігін,
Мұңданатын, мұңаятын күн бүгін.
Қол берісіп құттықтайтын салт бар ма
Бостандыққа шыққан құлдар бір-бірін?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу