Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  110


Автор: Әбубәкір Қайран

Дәл жаныңда досың тұрса мысқылдап...

Дәл жаныңда досың тұрса мысқылдап,
Жаздың өзі жауратады, қыс тұрмақ.
Жел ызғиды жүрегіңнің үстімен,
Қар жауады содан кейін ұшқындап.
Күңіреніп күзді күнгі көкпектей,
Жатып қалар жан-жүрегің етпеттей.
Қайта-қайта итереді кеудеңнен,
Әлгі мысқыл ішке теуіп беттетпей.
Ой – найзағай жүрегіңді тілгілеп,
Қойыныңды аралайды жынды леп.
Жанталасып жағадағы балықтай,
Дал боласың: “Жақын тартқам кімді?” деп.
Досың еді ол... кеше жүрген қайғың жеп.
Сұрай көрме “Неге жолдан тайдың?” деп,
Құтылғанға қуан қайта дер шақта,
Мақұлықтан мысық тілеу, маймыл бет...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу