Өлеңдер ✍️

  22.05.2022
  110


Автор: Әбубәкір Қайран

Сүйіп өсер өз елін

“Кәкәй” етіп қойған бала – қадірсіз,
Болмақ қайда бүл сәтте
абыр-сабырсыз.
Мама үйде жоқ...
Бес жастағы ағасы
Інішегін жуып жатыр сабынсыз.
Сабын қайда? Сабын түрмақ су дағы аз,
Бірақ мұндай шомылдырғыш қу бала аз.
Қасықпенен кырып жатса “кәкәйін”,
Қытықтанып інішегі бұл да мәз.
Қырып алды тізесін де, санын да,
Жарты құман су тұр еді жанында.
Орамалды соған малып ала сап,
Тап-таза етті, сүртіп алған шағында.
Әппақ болды “кәкәй” бала, “кәк” бала,
Бір шалбарды кигізді “аға” жап-жаңа.
Бөтен иіс сезілгені болмаса,
Екеуі де тіл жеткісіз жақсы-ақ, ә!
Бірдеңе ғып жуындырған бөбегін,
Бөбегінен аямаған көмегін.
Балдырғандар бауырсақтай бауырмал,
Дәл осылай сүйіп өсер өз елін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу