Өлеңдер ✍️

  22.05.2022
  78


Автор: Әбубәкір Қайран

Муза

Жалын боп жанып жатқанда,
Ағын боп ағып жатқанда,
Сағыныш дәмін татқанда,
Қабаққа қайғы қатқанда –
Құрдасым болған, нұр – Муза.
Даламен, таумен сырласып,
Пернесін жүрек бір басып,
Қыран боп ұшқан құзды асып,
Арманға ғашық, нұрға асық –
Сырласым болған, жыр – Муза.
Қиялға тәтті батырып,
Үйқысыз таңды атырып,
Орамал бұлғап шақырып,
Қызғалдак болып ашылып,
Арманда сүйген, қыз – Муза.
Аралап бірге бақтарды,
Тауларға шығып ақ қарлы.
Күлімдеп күтіп ақшамды,
Еске алып тәтті шақтарды
Жарқырап күлген, Күн – Муза.
Қайдасың, Муза, сол Музам,
Жолаушы едік жол қуған.
Махаббат, қызық, мол думан
Кеудеме қайта қон, Музам.
Кел маған қайтып, ақ Муза,
Бұлттар болып ақ шуда.
Ақ бұлақ болып атқу да,
Үн қосу дағы аққуға,
Құдіретің сенің, ақ Муза!
Ақ Муза!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу