Өлеңдер ✍️

  22.05.2022
  103


Автор: Әбубәкір Қайран

Кім ғаріп?

Жалқаяқ түн,
Жалақ түн,
Талқаяқ түн,
Талақтүн.
Тымырсық түн,
Тыныш түн –
көгінде жоқ бір ұшқын.
Бұл неткен түн – Түн емес,
Не өлі емес.
Тірі емес.
Иті қайда үрегеш,
Қызы қайда күлегеш?
“Ей, түн ғаріп,
түн ғаріп,
сенен өткен кім ғаріп?
Өтпейсің бе мұңданып,
кетпейсің бе жынданып?..
Жанға мойын бұрмаған
Жауап берді түн маған:
«Саңылауы жоқ мен ғаріп,
Саңырауы көп жер ғаріп.
Сол кереңнің біреуі,
Мына отырған сен ғаріп...»
Әй, жалақ түн, талақ түн,
Жүрегімді қанаттың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу