Өлеңдер ✍️

  22.05.2022
  97


Автор: Әбубәкір Қайран

Шапқан сайын жер кемірер тұяқты...

Шапқан сайын жер кемірер тұяқты,
Ұшқан сайын жел жемірер қияқты.
Жалған мақтау жанын жейді пенденің,
“Құлды өлтірген” бәрекелді сияқты.
Көз жүмылып, көкке тиіп танаулар,
Сөз құбылып, ақиқаттан әрі аунар.
Бірдеңеден, бір мәреден дәметіп,
Сап түзейді сары қолдай “жараулар”.
Бір кездері бір мәреден орын ап,
Кейбіреудің көрінеді соры – бақ.
Бір бейшара «мен де соған жетем», – деп,
Жүгіреді екі өкпесін қолына ап.
Ішін ұстап...
Ілесем деп аттыға,
Табан тіліп, таңын жыртқан жақсы ма?..
Құралайды көзге атамын демей-ақ,
Үйден шығып,
Үйрек атып бақ сына,
Айналайын




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу