Өлеңдер ✍️

  22.05.2022
  86


Автор: Әбубәкір Қайран

Түнгі дауыл

Түн ортасы.
Басым зеңіп,
Шығып едім далаға,
Құлағыма келді бір үн
Ысқырынған,
Ғаламат
Бағанарақ
Балқып қана
Тұрып еді мүлгіп Ай,
Енді қара –
Беті жара,
Маңып барад, сұмдық-ай!
Дауыл!
Дауыл
түрған екен тұлданып.
Аспан-жердің
арасы тұр
шаң – тұманнан сұрланып.
Ару-Айды аймалайды әр бұлт,
Ал Ай болса,
Қасын қояр бір қағып.
Мазақ! Мазақ!
Дауыл үшін бұл деген –
Бара жатыр барған сайын жынданып.
Дауыл – бура,
Буыршындар – бұлттар,
Безіп барад берекесіз кіл ғаріп,
Ал бақсы – жел күй ойнайды
Тіліменен сым жанып...
Ойға батып,
Көп отырдым
мен дауылдың өтінде.
Жоқ еді оған рахметім...
Өшімде.
Бірақ маған дауыл келіп
дауыстады: “Ағайын,
Мына өмірден ештеңені өтінбе,
Жер түрғанда аман-есен
Өсінде.
Саған мендей сезім керек,
сезім керек, ұқтың ба,
Айды айдап,
бұлттарды көшір де,
Шаңмен емес,
дүниені
Жырыңменен тұтқында.
Жырың қалсын дауыл болып,
Ал өзің
айналып кет үшқынға.
Айтарым сол –
айналып кет ұшқынға!
Өрт, дауъшға қарсы келмес мықтың да...
Мен отырдым
мерейленіп
бұл дауылдың сырына.
Бас иемін оған казір
бас игендей ұлыға.
Мен ғана емес,
бүкіл өлем
айналғандай құлына.
Тәкаппар тау
тұрған шығар
жыртық көрпе – бұлтты
бүркей жауып шыңына,
түнгі аспанға сұғына.
Табындырып қара дауыл еріксіз
Бір келетін екі-үш рет жылына.
Дауыл болса үдеп барад –
Бір тоқтарын біледі.
Мына әлемге ұлы атанбақ
тоқтағанша жүрегі.
Бір іс болмай,
Тыныш болса үнемі –
Тұнжыр ұйқы
тұмшалайды дүниені.
Сондықтан да
соғып қойсын өр дауыл,
Алып ұшып
ескі көнді бір елі...
Соға берсін бүл дауылдың жүрегі,
Басын исін қарағайлар,
Дауыл шайқап сынар болса.
Бір толқысын қара қайнар
Тұңғиығы тұнар болса.
Қыран дағы ұшпай қалсын
Қанаттары сынар болса.
Мен де ғашық құдіретке,
Дауыл қандай құмар болса.
Мен дауылға сыңар болам,
Дауыл маған сыңар болса!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу