Өлеңдер ✍️

  22.05.2022
  146


Автор: Әбубәкір Қайран

Неге керек...

Неге керек,
Кімге керек өлген ой –
Былай тұршы өрекпімей, өрлемей!
Маңайлама, мас боп жүрген сезімдер,
Шайпау шабыт, шатынама, сен де қой.
Мәселесін карау керек мәні аздың,
Тамырына тарау керек қаны аздың.
Лас сезім мен өлген ойдың қаңқасы
Бетін былғап бітірді әбден қағаздың.
Тойшыл кеуде,
Тойтаңдама шат күліп,
Жүріп кеткен іздеріңе қақ тұрып.
Кіре алмайсың сен үйіне өлеңнің,
Тойдан қиген шапаныңды лақтырып.
Былғаныш сөз,
Былапыт ой, былай тұр,
Көзін көрген өзіндейге ұнай тұр...
Сәукеледен сығалаған сәулелі ой,
Сен керексің!
Сен келесің, шыдай тұр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу