Өлеңдер ✍️

  22.05.2022
  121


Автор: Серік Әбіл

ҚЫЗҒАНЫШ ПЕН МАХАББАТ

Жары үшін өлімнен де жасқанбаған əз халқым, (Шүлен шуақ қызған сайын асырады жаз нарқын)
Сүйген жарлар бірін-бірі қызғанбаса өзгеден,
Онда олардың арасында адалдық та аз, бəлкім.
Тіл табысқан тұнық сезім гүлі мəңгі солмайды,
Жүректегі өкініштің орны мəңгі толмайды.
Түсінісу арадағы ортақтыққа орнайды,
Қызғанышсыз мағыналы махаббат та болмайды.
Шын сыңарын таппағандар өтері хақ өкініп,
Жағдай үшін жарасқандар күн кешеді өтініп.
Сүйген жарлар бірін-бірі қызғанбаса өзгеден,
Онда олардың бірін-бірі сүйетіні өтірік.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу