Өлеңдер ✍️

  22.05.2022
  123


Автор: Серік Әбіл

АҚИЫҚ АҒА

(Оралхан Бөкеевке)


«Біздің де жақтың қысы ұзақ»,
Кетеді күзде құсы ұзап.
Алтайдан ұшқан ақиық,
Биіктеп мəңгі ұш ұзақ.
Қайырмасы:
Ақиық аға, жан аға,
Сағыныш орнап санама.
Менің де «Ұйқым келмейді»,
Көңілім ұқсас сараға.
Ертістегі елдің еркесі ең,
Егіліп тұрмын жағада.
Мен-дағы «Жетім ботамын»,
Сезімге серік осы əнім.
Орны толмас Орағам,
Мұңымды жырға қосамын.
Қайырмасы:
Келмеске бұрып кемеңді,
Сағыныш болдың сен енді.
Естігенде алғаш сенбегем,
Бақиға көшті дегенде.
Ойлана оқып отырмын, «Қар қызы», «Атаукереңді».
Ғажайып сырлы таң гүлі ең,
Есімде «Аға» əңгімең. «Бəрі де майдан» өмірде,
Сағынам сізді мəңгі мен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу