Өлеңдер ✍️

  22.05.2022
  82


Автор: Серік Әбіл

СҰЛУБАЙ-АРМАН

Оқ тиіп Сұлубайдың жамбасына,
Күтті бір күлімдеген таңды асыға.
Армандап Армантыда əнге салды,
Кім куə бағы қайта жанбасына.
Арман
-ай, шіркін, жалған
-ай,
Талықсып атқан таңдар
-ай.
Жар асты жауды аңдамай,
Қайырылып қанат талғаны
-ай.
Қызығын елім көре алмас,
Үзігін ерім жалғамай!
Алқоңыр аяңдады астындағы,
Барады өрлеп міне қастың бағы.
Қайран ел қара кердің жалын құшты,
Жаутаңдап жау қолында жастың жары.
Қайталай жауға қарсы шабар ма екем,
Кегімді жатқа кеткен алар ма екем.
Суындай мөлдіретіп қос шіңгілдің,
Əніме елжіретіп салар ма екем.
2013. 1. 22




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу