Өлеңдер ✍️

  22.05.2022
  161


Автор: Серік Әбіл

АҚ ЖАУЫН

(Секен Тұрысбековке)
«Ақ жауын», шіркін «Ақ жауын»,
Сезімнің тауып талмауын.
Шымырлап бойға тарадың,
Балқып бір қалды- ау бар қауым.
Жалған- ай деген,
Арман- ай деген, «Ақ жауын».
Сазыңнан сенің сыр тыңдап,
Шырын бір қиял шырқымды ап.
Көңілдің көлі толқыды- ау,
Айдында аққу сұңқылдап.
Не керек тəйір мұндайда,
Сыртыңа бітер сыр-сымбат.


Жүректі барад жыр шыңдап,
Жауып тұр жауын сыртылдап. «Ақ жауын», шіркін, «Ақ жауын»,
Шабыттың түсін шарлауын.
Сезімнің сезін самғауын,
Жөн еді-ау, саған қанбауым,
Жазира жаным ақ жауын. «Ақ жауын», шіркін, «Ақ жауын»,
Отырмын тыңдап қозғалмай.
Сезімді мұндай қозғарма-ай.
Домбырам менің мол мұрам,
Мұндайда босап боздар ма-ай.
Тамсанып тұрмын, мінеки,
Ойымнан шабыт озғандай,
Жеткізіп айтар сөз қалмай. «Ақ жауын», шіркін, «Ақ жауын»,
Сездің бе, тілін, құрбым- ау.
Күй емес ғажап жыр мынау,
Саз емес салқын сыр мынау. «Ақ жауын», шіркін, «Ақ жауын»,
Аяулым менің ақ маңдай.
Болдым ғой бəрін тапқандай.
Тыңдаған сайын тыңаям,
Арайлап таңым атқандай.
Жалғанның сыры жай ғана,
Ашылып бара жатқандай.
Қызылға қыран қызықса,
Түбінде түсер шатқалға- ай.
Секеңді Секең сезбесе,
Шатылуға да шақ қалды-ай!
«Ақ жауын», шіркін, «Ақ жауын»,
Төресі күйдің төгілген.
Елім деп ерен егілген.
Қайратым қайта тірілді-ау,
Қабырғам бір кез сөгілген.
Өзіңді тыңдап тұрғанда,
Мүмкін бе лаулап жанбауым.
Жиырмамды шалып құрбанға,
Отызда орда таңдауым,
Бəрі де сенің сезімің,
Айналдым сенен, «Ақ жауын».
Жауған соң өзің сыртылдап,
Айықты мұнар көктегі.
Сазыңмен сұлу сусындап,
Кейінгі толқын көктеді.
Ал, енді мүмкін емес- ау,
Көштегі түйе шөкпегі.
Кезінде туған кеңес- ау,
Толқытттың əйтеу көп мені. «Ақ жауын», шіркін, «Ақ жауын»,
Жеткізе алмас жыр жазып,
Сезімің сенің тым нəзік.
Күңіреніп кетер көңілге,
Күй тілі деген күнде азық.
Бейнелеп бердің сен маған,
Суретті ешкім сызбаған.
Көңілге қонып кең далам,
Жұмсайды жүрек сыздаған.
Күйде бар құнды құдырет,
Толқыды жаным жыр үдеп.
Ақ жауын жауса апалар,
Айтатын «алла нұры» деп.
Кем болмас ұққан кеңесті,
Таланытқа ғажап таңданам.


«Ақ жауын» күйін көп есті,
Жазылсын десең жан жараң.
Бауырым, қатсын топшың да,
Жол ізде талғар талғамнан. «Ақ жауын» күйін көп есті,
Жазылсын десең жан жараң.
Бауырым, қатсын топшың да,
Жол ізде талғар талғамнан. «Ақ жауын» күйін көп тыңда,
Адаспас үшін арманнан.
Сəулем- ау, сағың сынбасын,
Ертеңге əркім елеңдер. «Ақ жауын» күйін тыңдасын,
Ақ жолым болсын дегендер.
Күй сіңген жүрек шөлдемес, «Ақ жауын» деген ақылшың.
Ағылып тұрған ол кеңес,
Арманның таңын атырсын.
Түннен де қалам күн көріп,
Ғаламат еді бұл қандай.
Күллі əлем мынау күңіреніп,
Бір күйге сыйып тұрғандай.
Мұқалма менің мұратым,
Қоңыр күй құтты қуатым.
Мен тұрған жерде жаз бойы,
Ақ жауын жауып тұратын.
Ақ жауын жауып тұратын,
Сол кезді жаным сағынды.
Тезекке алып шығатын,
Киіуші ем басқа қабымды.
Кей кезде пана тұтушы ем,
Жиі өскен қара жидені.
Енді еске соны түсірсем,
Жүріпті- ау жебеп күй мені.
Ол-дағы болса ауылдың,
Ұлына берген сыйы екен.
Сондағы жауған жауынның,
Бəрі де ғажап күй екен.
Төсінде таудың туылған,
Қайыспен белін буынған.
Ақ құлыны едім Алтайдың,
Ақ жауындарға жуынған.
Ақ жауын мені малшындыр,
Сырыңа елің қансын бір.
Ақ еділ ақын ұлыңнан,
Ақ шашу болып қалсын жыр.
Ақ жауын деген ғажап тым,
Дертіңді іштен қозғайды.
Ақ жауын жауған алаптың,
Атырабы да тозбайды. «Ақ жауын» деген ашты мұң,
Аңғарар болсаң ары қарай.
Айту да қиын тап шынын,
Тартайын басты талдамай.
Қозданар енді сөз басы, «Ақ жауын» деген көз жасы.
Қашан да момын қазақтың,
Өзінен шыққан өз қасы.


Айбатты, ойда жатталған,
Қайраты бойда сақталған.
Арайын сезген адамға, «Ақ жауын» деген тəтті арман. «Ақ жауын» деген ізгінің,
Ізіне қарап өртену,
Қос ішек болған тізгінің,
Шер төгу жəне дерт ему. «Ақ жауын» күйі тентек тым,
Шыдамым кетіп шер төктім.
Езілу деген алайда,
Ездігі болар еркектің,
Сөйттім де кенет селт еттім. «Ақ жауын» ойдың байлығы,
Айтып бір болмас жел сөзім. «Ақ жауын» деген қайғыны,
Жуып бір кеткен сел сезім.
Ой салар түрлі бар жанға, «Ақ жауын» деген қайғыны,
Жуып бір кеткен сел сезім.
Күңіренген күйдің мол сыры.
Əрлене түсер əн елі,
Меруетін төксе мекенге.
Күйден де бұрын əуелі,
Бас иіп тұрмын Секенге,
Бас иіп тұрмын Секенге.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу