Өлеңдер ✍️

  22.05.2022
  158


Автор: Сəбит Бексейіт

Болжал

Ойлап тапқан қапаны,
Қорқыт та емес, Кафка да.
Қазулы ажал апаны,
құлыптаулы қақпа да.
Ойлап тапқан мұң-зарды,
Мұңлық та емес, Зарлық та.
Тiкен басып гүлзарды,
жоқтық болар барлық та.
Ойлап тапқан мұң-шердi,
Гете де емес, Абай да.
Ақ зер әлем мың зерлi,
қайғыға толы алайда.
Ойлап тапқан шер-мұңды
Жұмекен емес, мен емес.
Қанша айналса Жер Күндi,
бейнетке толы бел-белес.
Он сегiз мың ғаламды
жасандырып, жайнатқан,
гүлге бөлеп даламды.
бұлбұл құсын сайратқан,
Құдiреттi сөзi де
пәрмендi һәм өтiмдi
Жаратқанның Өзi де
мұңданатын секiлдi.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу