Өлеңдер ✍️

  22.05.2022
  110


Автор: Сəбит Бексейіт

Қиял мен болмыс

Бұлқынғаннан не пайда, жұлқынғаннан,
зор қапасқа мәңгiлiк тұтқындалғам.
Ғалам деген абақты шет-шегi жоқ, –
жiпсiз байлап тастайтын құрдым жалған.
Өз еркiммен келгем жоқ ғаламға бұл,
өрекпи ме сасқаннан алаңдап ұл ?
Өз еркiммен және де кете алмаймын:
– «Босат менi, Ғалам!» – деп, қағам дабыл.
Шайқалақта, мейлiң сен бұлғалаңда,
түрпектеу де тынбайды, жұлмалау да.
Көпсiнбе, жау, жер басып жүргенiмдi, –
өз еркiммен келгем жоқ бұл ғаламға!
Гүлге алаңда,
мейлiң сен жырға алаңда,
өмiр өте бередi шырғалаңда.
Қиял-құспен кеткенмен самғап алыс,
болмыс-торда күн кешем шырмалам да...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу