Өлеңдер ✍️

  22.05.2022
  127


Автор: Сəбит Бексейіт

Ғалам - рухы

Поэзия – бөлек әлем, бөлек ел,
Жүректердi тәттi күйге бөлеген.
Ой-Сезiмнiң көк күмбезiн соқса да,
Ел ұлдары – Абай, Қасым, Төлеген…
Ақын бiткен Сұлулықты жыр қылар, –
Сұқтан сақтап, мәңгi ететiн тiл – құрал.
Ақын да адам ет-сүйектен жаралған,
Поэзия – шыбын жаны шырқырар!
Бiрiмiн мен Бес миллиард балаңның,
О, Жұмыр жер,
Мазаң саған – алаңмын.
Тәнi ауырса, жаны неге ауырмас?
Поэзия –
Рухы бүткiл Ғаламның!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу