Өлеңдер ✍️

  22.05.2022
  108


Автор: Сəбит Бексейіт

Қош бол енді, Жиырма бес...

Қош бол енді, Жиырма бес,
Саған айтар сыр да кеш,
Саған жазар жыр да кеш,
Қош бол енді,
Қош бол мәңгі,
Жиырма бес!
Бітіп қалды маусымың,
Келіп қапты шілдең де.
Қалды күнің таусылып,
Халім мүшкіл – білгенге.
Таяп қалды тамызың,
Мизамың да таяды.
Жазылған жоқ аңызың,
Шабыт сыйлап, ая бір!
Алыс емес қазаның,
Алыс емес қарашаң –
Жазмыш бермек жазаны,
Бола көр тек араша




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу