Өлеңдер ✍️

  22.05.2022
  103


Автор: Сəбит Бексейіт

Басқа түскен бейнеттен мойымадым...

Басқа түскен бейнеттен мойымадым,
Болар бәлкім көнбістік бойыма мін.
Жолыма егер тосқауыл қойылса да,
Бөгет жасай алады ойыма кім?
Нәсібіне мелдектеп тоятын бар,
Тірлігі ұнап өлеңін қоятын бар.
Бойкүйездеп егер сәл қалғып кетсем,
Ой-атомдар,
Санамды оятыңдар!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу