Өлеңдер ✍️

  22.05.2022
  104


Автор: Сəбит Бексейіт

Өмiр сүрем пенделерге бас ұрмай...

Өмiр сүрем пенделерге бас ұрмай,
Мұқалмаймын алмас сынды асылдай.
Тас лақтыра берсiн бүгiн тасадан,
Жоқ етемiн ертең бәрiн жасындай.
Ұлылардан үйренгенмiн төзiмге,
Жеңдiрмеймiн өзiмдi әлсiз сезiмге.
Қиналамын жетпедi-ау деп әйтсе де,
Жақсы сөзiм замандасқа кезiнде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу