Өлеңдер ✍️

  22.05.2022
  99


Автор: Сəбит Бексейіт

Бұл өмiрге келген жоқпын мен текке...

Бұл өмiрге келген жоқпын мен текке,
Отты жүрек жанбай жатып сөнбек пе?!
Дарынсыздық дәрменсiзге дарыса,
Талант деген тиесiлi тентекке…
Күндерiме өкiнбеймiн тез өткен,
Күйкi тiрлiк күйбеңдерiн сөз етпен.
Пенделiктен пiсiп шықса пәс кеуде,
Өршiл өрен өскiндейдi өжеттен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу