Өлеңдер ✍️

  22.05.2022
  270


Автор: Сəбит Бексейіт

Жақсы сөз - жарым ырыс

Қайғым менiң жүзiмнен
бiлiнбейтiн тәрiздi,
Жазды көрiп күзiмнен
күлiмдейдi кәрi iзгi:
– Көңiлдiсiң көктемдей, –
дейдi маған қол қысып. –
Көркiң жасыл бөктердей,
келiп қалдым жол түсiп.
Саған сәлем бергенде,
қаламын бiр жасарып.
Жастық гүлiн тергендей,
кетер сезiм бас алып.
Кеудең толы қуатты үн,
бiр серпiлтiп тасташы,
Жастық шақтың – жәннаттың
әсем әнiн басташы!
Тұрған кезде күрсiнiп,
«бүйткен тiрлiк құрсын!» деп,
Жақсы сөзден нұр сiңiп,
соғар жүрек дүрсiлдеп…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу