Өлеңдер ✍️

  22.05.2022
  123


Автор: Сəбит Бексейіт

Өмірзая

Көп адамның үмiтiн ақтамадық,
Бойдағы бар дарынды баптамадық.
Сол бiр ұстаз шүбәсiз сенген саған,
Өкiндi ме ертерек мақтап алып?..
"Сәбең" бола алмадым, Қаби аға,
Күйрек күйге душар боп қапияда.
Төке, сiзге соншама iлеспейтiн,
Тар болды ма пәлсафа тақияма?..
Дастан жазбай, бас жазған тұстарымда,
Кеткен ұшып өкпелеп құс-дарын да.
Сұс танытқан со кезде жақыным да.
Масаттанып жөн айтқан дұшпаным да.
Қош-қош айтып кеткен соң бұлбұл құсым,
Бастан кешкен бейсергек күнiм құрсын.
Жылдар жылжып өткен соң... өкiнем кеп,
ӨМIРЗАЯ боп кеткен ғұмыр-тылсым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу