Өлеңдер ✍️

  22.05.2022
  100


Автор: Сəбит Бексейіт

Геокардиограмма

Көк мөлдiр аспан тұнып тұр
ап-ашық зерде, санадай.
Төңiрек мүлгiп, тынып тұр,
Құлаққа ұрған танадай.
Армия Кемел қой бағып жүр,
бейнетқор жан бiр тынбайды.
Дэвид Каррел ой бағып бiр,
Саққұлақ боп тың тыңдайды.
Жер сiлкiнiсiн тiркедi
сейсмограмма таспасы…
Бiр қара бұлт бүркедi,
Қарқаралының тау-тасын.
Мiне, ГЕОКАРДИОГРАММА –
Жер Жүрегiнiң Жазбасы!
Қаншама сынақ тұр алда,
Адамзат кешер аз ба сын?..
Жарылыс осы қас қағым,
сезiлдi қиян алыстан.
Американдық жас ғалым
өз ойымен арпалысқан.
Екiұдай бастан кешiп хәл,
былай бiр сәт елжiредi:
«Ақындай сонша сезiмтал,
ҚАРҚАРАЛЫ – ЖЕР ЖҮРЕГI!»
Ядролық бұл жарылыс
алыста емес, жақында.
Алаңдап әр ұлт, әр ұлыс,
айтады апат хақында.
1700 мильде – Москва,
10 мың мильде – Вашингтон.
Жасамыс куә, жас куә,
бұл – қауiптi симптом!
Полигон қылар жазы-қыс
жазығы не бұл штаттың?
Қатерлi, жойқын жарылыс –
Жер-жүректегi сызат бұл!
Мәрмәр тастардан бәрiмiз
қашайық алып плакат:
«НЕВАДАДАҒЫ ЖАРЫЛЫС –
ПЛАНЕТАРЛЫҚ АЛАПАТ!»




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу