Өлеңдер ✍️

  22.05.2022
  526


Автор: Сəбит Бексейіт

Немерем - Назерке

Ертең тағы таң атады арайлы,
Назеркешiм Күнге күлiп қарайды.
Күннiң нұры қуат берiп бойына,
Шуақ болып жүрегiне тарайды.
Шындығында шолжың көп те, аз ерке,
Шынайы ерке, нағыз ерке – Назерке.
Көңiл күзiн, өңiр күзiн жұмсартқан
Жаймашуақ жаз күнiндей жазерке.
Келер әлi өмiрге бұл сан ерке,
Кербез ерке, сылқым ерке, паң ерке.
Балбөбегiм – Назеркешiм ал менiң, –
Жүрегiме соншама ыстық жанерке.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Назерке
Назерке 09.09.2023 15:16
Бірінші рет естіп тұрмын өз атымнан өлеңді?

Пікір жазу