Өлеңдер ✍️

  22.05.2022
  79


Автор: Сəбит Бексейіт

Сауал

Ғасырды ұққан ұмыта ма қайғыны,
тек күлкiмен өте ме екен ай-күнi,
бiр тосылмай тылсымы мол заманда,
жұрттан аса бере ме екен айбыны?
Тек шаттық па аңсап жүрген бай ғұмыр,
кiм иесi дүбiрлi осы бәйгенiң?
Бақытсыз ба ұқпай қойған тұстасы,
бақытты ма елге есiмi әйгiлi?
Кiм-кiмдерге тиесiлi мәңгiлiк,
Қай-қайсысы көптен озған сәйгүлiк?
Кiмге табыт, кiмге бесiк бұл ғасыр?
Тiлсiз жатыр Тынық мұхит айдыны..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу