Өлеңдер ✍️

  22.05.2022
  90


Автор: Сəбит Бексейіт

Ғайыптан туған ән

Арманым сол…
Аңсарым сол…
Арланы едiм жалғанның қарсағы мол,
жортып жүрем күн сайын қарсы алып жол.
Жетi түнде адасып қалсам егер,
жол көрсетер жап-жарық таңсәрiм бол.
Арманым сол…
Аңсарым сол…
Он сегiз мың ғаламда шам,жарық мол,
– О, ғажап! – деп, маңайды таңғалып шол.
Бұ дүниеде, қайтейiн, бұйырмадың,
о дүниеде мәңгiлiк жан-жарым бол.
Арманым сол…
Аңсарым сол…
Орындалды тiрлiкте арманым қай, –
Медеу барсам, Меккеге барғанымдай?!
Естайыңдай өтейiн жырлай-жырлай,
сен де менi ұмытпа Қорланымдай…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу