Өлеңдер ✍️

  22.05.2022
  83


Автор: Сəбит Бексейіт

Өң мен түс

Ойламап ем кездесер деп – өмiрi,
Ойламап ем жыр жазам деп төгiлiп.
Сәрсенбiнiң сәттi күнi көктемде,
Көрiп сенi тыншу тапты көңiлiм.
Тұр екенсiң ортасында дәлiздiң,
Өзi құсап ертегiнiң, аңыздың.
Шақырып ем айтыңды айтып қол бұлғап,
Әз бейнеңдi бұрмадың ғой, жан iзгi.
Аманбысың; айдай ардақ аяулым,
Жүрегiмде жүрген мәңгі ояу мұң.
Қара көйлек ақ тәнiңдi бүркеген, –
Белгiсi ме көңiлiңнiң қаяулы?..
Тiл қатпадың, айтшы көзбен бiрдеңе,
Үнсiздiктен туады әсте жыр деген.
Не нәрсе екен құшақтарды бөгеген,
Не нәрсе екен тiлiмiздi күрмеген?
Мен өмiрдi аңсау ғой деп түсiнгем,
Сәттерiм көп сенi жоқтап күрсiнген.
Көргем сенi ақырғы рет өңiмде,
Көрдiм бүгiн алғашқы рет түсiмде…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу