Өлеңдер ✍️

  22.05.2022
  100


Автор: Сəбит Бексейіт

Қыздар

Алма қыз да есiмде, Раушан қыз да,
Армансыз да емеспiн, аңсарсыз да.
Алма ағашы гүлдедi, бүр жарды гүл,
Аңғал басым, есiңнен танарсың ба?!
Бота қыз да есiмде, Аққу қыз да,
Бақытсыз да емеспiн, шаттықсыз да.
Бiрi ерттi көгiлдiр, бiрi тайлақ, –
Байғұс тiлiм бал татқан, таттың тұз да.
Айдын қыз да есiмде, Айым қыз да,
Қайғысыз да емеспiн, уайымсыз да.
Айдын арна кеңейттi, ай толысты, –
Күлесiң бе ал ендi, жылайсың ба?..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу