Өлеңдер ✍️

  22.05.2022
  94


Автор: Сəбит Бексейіт

Жиырма бес жыры

О, нұрлы өмiр,
Жасайтұғын мәңгiлiк,
Өтетұғын жердiң бетiн ән қылып.
Мен өзiңдi ескiре ме деушi едiм,
Күннен күнге келе жатсың жаңғырып.
О, ұлы өмiр, бойыңдағы паң қылық,
Өтер менi көз жұмғанша таң қылып.
Тұрғанымда ұйықтап кетпей бiржола,
Қандай ғажап,
Неткен сұлу таңғы нұр!
Көпсiнбеймiн еш пенденiң ғұмырын,
Қызғанбаймын ешбiр жаннан күн нұрын.
Саған бiрақ аз ғана өмiр жасаған,
Сыйлап кеттi сембейтұғын жыр гүлiн!
… Немересi тәй-тәй басып барады,
Көзiн сүзiп сүйсiнiп қарт қарады.
Мәңгiлiгiн гүл өмiрдiң осынау,
Саттар болып жырлап өтсем жарады.
Өлмейдi өмiр өлгенменен бiр адам,
Ол мәңгi деп айтам жанға сұраған.
Өлмейтұғын рухын көрдiм ақынның,
Ертеңiне қалдырған мол мұрадан.
Жиырма бес, жеттiм мен, ал, тебiрен,
Мәңгi өмiрге құштарлық боп емiрен!
Қайран шақта қайта айналып келмейтiн,
Жазылу шарт өшпейтiн бiр шежiрең.
Мәңгiлiк ет сәттерiңдi қас қағым,
Досты мәз ғып, дұшпаныңды жасқағын.
Нұрлы өмiрдiң мәңгi екенiн паш етiп,
Мұзарт шыңда саңқылда, сен, асқақ үн!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу