Өлеңдер ✍️

  22.05.2022
  86


Автор: Сəбит Бексейіт

Сәулелі сәуірде

Сәуiр..,
сәуле…
соқпақ жол – жырға тиек,
сәлемiмдi барамын қырға тиеп.
Қақсоқтада iсiң жоқ, аман-есен
жүруiң де жер басып – бiр ғанибет!
Бес бересiм жоқ менiң, алты аласым,
тұз жаласын қызғанса бақ таласым:
алшаң басып жүремiн жер үстiнде
аман болса һәманда Алты Алашым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу