Өлеңдер ✍️

  22.05.2022
  88


Автор: Сəбит Бексейіт

Наркескен

Өмiр үшiн өттi күнiң күреспен,
Наркескендей ақын едiң жыр ескен.
Қалғымадың қынабыңда жатып сен,
Кезеп оны жауларыңа тiрескен!
Жаулар сенi солдырмаққа асықты,
Жұлып гүлдi көрсеттi олар пасықтық.
Жалын болып қара түндi тiлгiлеп,
Барлығын да сенiң, пысың басып тұр.
Куә болар арайлы таң, бұла түн,
Өлмейдi екен мәңгi бақи ұлы ақын.
Өйткенi ол семсер емес сынатын,
Өйткенi ол гүл емес қой жұлатын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу