Өлеңдер ✍️

  22.05.2022
  196


Автор: Сəбит Бексейіт

Бейбіт күн мен бейбітшілік

Жаз-әже жайып гүл-кiлем,
Күн-ата күнде күлдiрсiн.
Тәттi ұйқы, күмiс күлкiмен
Жайраңдап өссiн бүлдiршiн.
Бал дәурен шақта – мың қызық,
Болмауға тиiс нала-мұң.
Шаттанып елдiң ұл-қызы,
Жаңғыртсын тау мен даланы.
Тыңдаңдар, үлкен, ересек,
Тыңдаңдар, ата-аналар.
Сөйлейдi бүгiн келешек,
Сөйлейдi бүгiн балалар.
– Мәңгiге әр сәт ұласқан,
Орын жоқ соғыс, бүлiкке.
Болған соң ортақ Күн, Аспан,
Һәм ортақ Бейбiтшiлiк те.
Қылышты салып қынына,
Дамылда сен де, сақшы аға.
Айналсын бiр күн жылына
ЖЕР ШАРЫ –
БАЛА БАҚШАҒА!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу