Өлеңдер ✍️

  22.05.2022
  104


Автор: Индира Кереева

Наз

Хабарсыз кеттіңіз көп уақыт...
Ұқпадым
Жоғалттық нені біз?!
Ұялшақ жүректі тулатып,
Сіз мені «сүйем» деп едіңіз....
Деміңіз секілді таңғы леп,
Ұйқымнан оянам елеңдеп....
Мен жүрмін жанарым жәудіреп,
Күттіріп қойдыңыз «келем» деп...
Ойымнан шықпайсыз күні-түн...
Сіз жоқсыз...
(Өмірім мұздады-ай)
Біз шерткен сырларды ұмытып,
Алаңсыз жүресіз
Сіз қалай?!
Үміті жылатпай жетелер
Көңілді...
Біз жүрген іздермен.
Мен Сізді жек көріп кетер ем,
Жүр мені
Серт қинап
Сіз берген...
Сертіміз бір еді.
Білемін...
Мен берген Сертімді бұзбадым!
Селт етпей мен сүйген жүрегің,
Қай жерде отырсыз Сіз...
Жаным..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу