Өлеңдер ✍️

  21.05.2022
  76


Автор: Серік Сейітман

Тәңірдің фотоаппараты

Болса да Таң, Кеш, Түн мен Түс,
Жасырсын сені қай беткей?..
Тәңірдің көзі тым көргіш,
Тау, тас та оған әйнектей.
Онсыз да лас деп атырап,
Ақтығын бұзба арыңның.
Көріп тұр күндіз бақылап
«Күн» атты көзі Тәңірдің.
Онсыз да лас деп атырап,
Пәктігін бұзба жаныңның.
Көріп тұр түнде бақылап
«Ай» атты көзі Тәңірдің.
Қалар деп бұлттан аңдамай
Ойланба олай сорақы.
Жарқ та жұрқ еткен найзағай –
Тәңірдің фотоаппараты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу