Өлеңдер ✍️

  21.05.2022
  97


Автор: Серік Сейітман

Әтешпен әңгіме

Қалғып кеткен көрініп
маған бар күн,
Бөлісем деп тәжірибе
саған бардым.
Әтеш, сенің адамдар – оятарың,
Ал менікі – намысы адамдардың.
Қырғауылдың айдарын
қанатты атаң,
Қырғы ауылдың қуларын
сабапты атам.
Сенде бары тепкі мен қанат болса,
Менде бары
Тек пенен Талап қатаң.
Ағаңыз бен Сізге ортақ жеңешеңіз,
Бұл тұрғыдан ісіміз емес егіз.
Бізде қандай басқа бір айырма бар,
Екі емшекті ембедім демесеңіз.
Айғайыңмен ояттың қара шалды,
Қара шалдың қартайды санасы әлгі.
Қара шалдай намысын оятар ма
Қара шалдың
«сары тіл» баласы әлді?!
Қойсам деген қазақты сауытты ете,
«Халық жауы» атанды Ер «қауіпті өте».
Ұйқысы кем әтештің,
Біріқ,
Бірақ,
Таң сәріде тұрағы тауық кепе...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу