Өлеңдер ✍️

  21.05.2022
  111


Автор: Серік Сейітман

Телефон шырылдағанда...

Қарынның қамымен
жонымыз терлейді.
Бәрібір қырсыққан тіршілік өнбейді.
Қазаны қайнаған у да шу бұл қала
Қарлығаш-қиялдың ырқына көнбейді.
(Қай жерде қалды екен әлгі ойдың жалғасы?..)
Телефон, шырылдап мазамды алмашы.
Мен қазір маңызды шаруамен отырмын,
Есім-ау, бөлінбе,
Қиялым, самғашы.
Жұмыс деп,
«Ұлы іс» деп,
Жөңкіпті сан айым,
Бір сәтке мазалай көрмеші, ағайын!
Тыныштық бере тұр!
Өзімнің бейнемді
Өмірдің сыртынан бір көріп алайын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу