Өлеңдер ✍️

  21.05.2022
  103


Автор: Серік Сейітман

Тайғанаған тағдыр

Тар жолда жүріп тайғанап кеткен
тағдырлар,
Кеудеме менің қайғы боп түнеп
қалдыңдар.
Бақыттың жатса іргемнен ағып өзені,
Бәріңді-дағы батырып малып
алғым бар.
Жаратты адамды бардам да қылып,
кенде ғып,
Көңілдің дағын өшірермісің емделіп.
Кімде бар дейсің періштелердің жүрегі,
Кімде жоқ дейсің парықсыз пейіл
пенделік?..
Кімге де болса пейілмен достық сай қарап,
Байқамай мұзды кеткен ғой кенет тайғанап.
Жүрегі сүймес тасбауыр-тағдыр-тірлікті
Жүрмесін енді ғұмыры бойы аймалап.
Қашан да, қайда кезіге беріп кейіске,
Қашан да, қайда жарамас болып миы іске,
Табаны жалғыз тайғаны ғана себепті
Тамаша ғұмыр кешпеуі сонда тиіс пе?..
Тулаған шығар тайпалған өмір сұр жорға,
Сүйеді әйтпесе сен сүйген әсем гүлді ол да.
Тайғанап кеткен бір тағдыр жүрсе жаныңда,
Кешіріңдерші, адамдар, оны бір жолға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу