Өлеңдер ✍️

  21.05.2022
  481


Автор: Серік Сейітман

Атаға сағыныш

Жас бүлдіршін бала-тынмын енді ғана қаз басқан,
Бардым ойын алаңына әдетімнен танбастан.
Барсам, досым сонда екен – көрші үйдің баласы,
Астындағы арбасының кереметін қарашы...
Ол тұрғанда менің арбам боп көрінді далбаса,
Құмарттым да ойнай кеттім арқасына жармаса.
Мендей жалғыз жолдасынан қызғанған
ол арбасын
Ауызына түскен сөзді сарнасын кеп, сарнасын:
− Атам кеше әкеп берген сый ғып туған күніме,
Жат мүлкіне қол сұғатын түкірейін түріңе!
Әкесізден туғандықтан, өзің де тас жетімсің,
Жебеушісі жоқ адамды Құдай қалай өсірсін?! −
Ол бетіме мін ғып басып менің атам жоқтығын,
Осылайша тәмамдады ғайбат сөзін, боқтығын.
Жүйкем ауыр қабылдады бұл пәленің сайрауын,
Шынында да менің атам жоқ па екен деп ойладым.
Осы сәтте асыр салып ойнайтұғын күйде емен,
Қос өкпемді қолыма алып, тұра шаптым үйге мен.
Кіріп келіп, ата-анама сұрақ қойдым тосыннан:
− Дәл қазір тым сойқан сөзді естіп келдім
досымнан,
Менің атам дүниеде болған ба еді, бар ма еді,
Болса егер маған неге көрінбейді, қайда өзі? −
Олар жылап жауап қатты көздерінен жас тама:
− Сен туған жыл қарт атаңды аттандырдық
шахтаға,
Атаң сенің тұла бойы өнер тұнған сері еді,
Қайда қонақ боп барса да жайы әркез төр еді.
Ол кезде сен сәбисің ғой, түспес бәлкім есіңе,
Насыбайыңнан иіскелеп, сигізетін төсіне,
Сенің ер боп тууыңды тілеген де сол еді,
Сондықтан да үмітті ақтап, өрен боп өс өрелі, −
Әке-шешем мақтады кеп теңеп оны сақаға,
Осыдан соң өлердей боп ғашық болдым атама.
«Ей, сен кімнің баласысың?»,– деп жайымды сұранған
Адамдарға
«Атам бала!», – деп айтуды шығарғам.
Қаба сақал қарт шал көрсем,
жетіп амандасам кеп,
Шахта қазып елге оралған менің атам осы-ау деп.
Бірақ, оның ешбірі де сипамады маңдайдан,
Жылы қабақ таныта алсын
маған бөтен жан қайдан.
Өсе келе «Шахтаның» да астарына түсіндім –
Мен туған жыл қанаттары қайысыпты құсымның!
Сағыныштан жырлар жазып атама арнап
шет жүрген,
Бұл күндері «Елдің ұлы» атанып та кеттім мен




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу