Өлеңдер ✍️

  21.05.2022
  179


Автор: Серік Сейітман

Бағала

Жан бағы көктем,
Жан жолдас еткен
Сұлулық деген тылсымды,
Жүрегі таза,
Тілегі таза
Қыз жаны нәзік гүл сынды.
Жат жерге барып,
Ақ жаулық тағып,
Айналар ертең Анаға.
Қыз деген – Ана,
Ана деп қана
Бағала оны, бағала.
Бағыңа бала,
Таңыңа бала
Еліктей сұлу еркені.
Қарлығаш құсым –
Қыз жанын түсін
Күн кешкің келсе ертегі.
Қылығы балдай,
Нұр жүзі таңдай.
Бақытты етер бізді әлі.
Қарындас маған,
Қарындас саған
Қазақтың барша қыздары!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу