Өлеңдер ✍️

  21.05.2022
  84


Автор: Серік Сейітман

Менің ағаларым

Бойларында тұнып қалған тағылым,
Күннің-дағы құйып алған жарығын.
Рулары,
Жүздері жоқ,
Тегі бар
Маған аға азаматтың бәрінің.
Жан әлемі жаралған соң
тұнықтан,
Біреуі жоқ лас тірлікке
былыққан.
Баршасы да руларын,
жүздерін
Қатын алған күннен бастап
ұмытқан.
Қойғаннан соң тағдыр мехнат қосақтап,
Басы қасқа, кейбірінің шашы аппақ.
Бәрі бір боп,
«тарих» дейтін ұстаға
«Өлмес қазақ» ескерткішін жасатпақ.
Уақыттың шегіне кім жете алған,
Десек те олар шектен де асып өте алған.
Ескерткішті құйғызады сондықтан
«Мәңгілік» деп аталатын металлдан.
Беу, ағалар!
Батырсыз ел әлді ме?
Күншуақта қалғып кетсем мәңгіре,
Жағымнан кеп тартып жібер,
Қорғайын
Ескерткішті ояу жүріп мәңгіге!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу