Өлеңдер ✍️

  21.05.2022
  428


Автор: Динара Мәлік

Балапаным...

Балапаным,
Жақсылығын әкелсін жаңа таңың...
Күн иіскейді шашыңнан сеземісің,
Отаныңның аялы алақанын.
Гүл-жүрегім,
Періште боп көзімде үлбіредің...
Апыл-тапыл басқанша аяғыңды,
Құшағымды ойнатып, күлдіремін.
Тіршілігім,
Жаратқанға бітпесін құлшылығың.
Отан-Ана тербейді шуағымен,
Бақытыңның қадірін білші, күнім.
Ержетерсің,
Әкеңнің тілегімен бір ме екенсің?
Бір Аллам, ғұмырыңды бере көрсе,
Жаныңды иманменен гүлдетерсің.
Аманатым,
көңілімнен көркем ой таратамын...
Атаң бар, елі сүйген маңдайынан,
Естілмесін сенің де «жаман атың».
Ойдың да орманы бар,
Уақыттың шындығы мен жалғаны бар.
Жеріңнің әрбір гүлін аялап өс,
Тамырында анаңның арманы бар!
Жетеледім,
Бір сен үшін еңсемді көтеремін.
Туған елге тамшыдай еңбек етсең,
анаңның адал сүтін өтегенің




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу