Өлеңдер ✍️

  21.05.2022
  140


Автор: Динара Мәлік

Көз ұшына шыбын-жаным ілініп...

Көз ұшына шыбын-жаным ілініп,
Сөз ішіне қайта келдім тіріліп.
Сенің ғана сағынышың сыздатты-ау,
Менің ғана жалғыздығым білініп.
Елдесің бе, жердесің бе таппадым,
(Жалғыз ғана таға алмадым, Хаққа мін.)
Адамдар-ау армандары аяулы,
Жанарымда ол біледі от барын.
Күздесің бе, гүлдесің бе білмейін,
Дауысыңда дем боп шығып бүрлейін.
Ең әдемі сөздеріңмен алдап кет,
Шындығыңды іздеп өмір сүрмейін!
Бақытсыздық үйіріліп күлкіме,
Не десең де сене берем, сертіңе!
Өмір шіркін, қанатымен байлап ап,
Жібермейді біз ойлаған еркіне!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу