Өлеңдер ✍️

  21.05.2022
  122


Автор: Динара Мәлік

Өлердей аңсауыма болады ма...

Өлердей аңсауыма болады ма,
Сезімнің қалмаймыз ба, обалына?
Уақыт та кірпік ілмей күзетеді,
Қара жер қалғып кетіп табаныма.
Бір өксіп жылап алсам, қайтер едің,
Ақтарсам ба алдыңа ой тереңін?
Түн ауа өзің жаққа жетіп келсем,
Ұстар едің бұрышын қай кеменің?!
Түн келсе, кімнен сені қызғанамын,
елесіңе ерінбей жүз қарадым.
Біресе алдап кеттің, арбап кеттің,
білсең ғой, бір жүректің сыздағанын!
Саған арнап жұздыздан жыр үзейін,
түсіңде гүл ішінде кезігейін.
Жанарыңнан таң ата аунап түсіп,
Жалғыз тал шашың болып көз ілейін...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу