Өлеңдер ✍️

  21.05.2022
  156


Автор: Динара Мәлік

Сен өмірдің көзінде мөлдіредің...

Сен өмірдің көзінде мөлдіредің,
Мен өлеңнің ішінде үлбіредім.
Біз екеуміз болып алдық бір адам,
Енді қалай қаша аламыз күнәдан?
Күннің нұры гүлдің ернін сүйгендей,
Кіріп келдің жүрегіме именбей...
Өзіңменен тынысым да бір - денем,
Ұйықтап қалсам сүйіп кетші түнменен.
Ал...түсімде сені іздеп табайын,
сосын таңда...оянбай-ақ қалайын..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу