Өлеңдер ✍️

  21.05.2022
  159


Автор: Динара Мәлік

Мейірім боп елжіредім көзіңде...

Мейірім боп елжіредім көзіңде,
Мен ұйықтамай, мен тыншымай көз ілме!
Ерік беріп, еріп кетіп тыңдайық,
Біздер жайлы жыр жаздырып сезімге!
Мен ұйықтамай, өзге жанды ойлама,
Құшағыңа қысып жатшы жай ғана.
Екеумізді ақ некемен аластап,
Сән-салтанат құрып жатсын айнала.
Мен тыншымай, теріс қарап күрсінбе,
Тал бойымда тамыр болып дүрсілде!
Тіршіліктер тасқа ұқсап барады,
Аңсарымды дәл өзіңдей білсін бе?
Дала жақтың заңдарына үңілмей,
Аппақ таңның ақ пердесі түрілмей!
Екі көздің кірпігіндей айқасып,
Құлап кетсек қара түнге білінбей...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу