Өлеңдер ✍️

  21.05.2022
  127


Автор: Динара Мәлік

Жанымның саулап жапырақтары...

Жанымның саулап жапырақтары,
Өзіңсіз күліп, таңым атпады.
Сүреңсіз тірлік қуартып кетті,
Жазықсыз әлем жадыратпады.
Қап-қара күзде көктеген екем,
Шұғылалы шақ та өппеген екен.
Көктемдер, сірә, жайқалып тұрып,
Мендегі мұңды шекпеді ме екен?
Қиялым сүйген көрем ертегі,
(Не болар екен өлең ертеңі?)
Аспанға қарап алақан жайдым,
Тауларды ертіп көлеңкемдегі.
Нұр жауып тұрды сезімдеріңнен,
Іңкәрлігіңнен безінбедім мен.
Сен жайлы жырға айналып кеттім,
Қоп-құю түнде көз ілгеніммен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу