Өлеңдер ✍️

  21.05.2022
  138


Автор: Динара Мәлік

Сағынсам да ыстық отқа оранып...

Сағынсам да ыстық отқа оранып,
Кездесе алман, ол - анық.
Екеумізді алыстатып сынаған—
Жер мен Көктей аралық.
Сен жүретін көшеменен, қаладан,
Сенсіз жүріп соқпағымды қалағам.
Бұрылуға, ұғынуға, хақым жоқ,
Жалғыз болсаң, жалғыз жүріп таба алам!
Іздегенде мұң татыған уым боп,
Тіл ұшында күрмелесің жырым боп.
Сен болмаған тағдырымды қайтейін,
Құмырсқадай құным жоқ!
Күнә жайлы, ей, Жарық күн, қозғама,
Күнәм жайлы күбірлесін сөз ғана.
Өмір сүріп кетуіме рұқсат ет,
Сүйіп тұрып, сағынайын... аз ғана!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу